«Қарттарым – ел қазығы»

Oinet.kz 02-10-2024 476

карттар.png

Қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының Құрметті азаматы және еңбек ардагері Медеуов Шерім мен Омаров Мұхан Омарұлын арнайы құттықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.  Ақсақалдарға және олардың отбасына мықты денсаулық, табыс, ұзақ өмір және амандық тілеген қала әкімі қарттарға сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ, «Қарттарым – ел қазығы» атты салтанатты іс-шараға қатысып, оған жиналған ардагерлер мен зейнеткерлерге қоғамға сіңірген еңбегі мен үлесі үшін алғыс айтып, мерекемен құттықтады. Жиын барысында бірқатар ардагерлерді төсбелгілермен және құрмет грамоталарымен марапаттады.

«Барлық аға буын өкілдерін шын жүректен Халықаралық Қарттар күнімен құттықтағым келеді! Бұл мереке – даналықтың, мейірімнің, саналы ғұмырдың айнасы. Қашан да халқымыз қариясын ардақтап, ақылын тыңдап, өнегесін үлгі еткен. Сіздердің өмір бойы жинаған тәжірибелеріңіз бен асыл білімдеріңіз – біздің болашағымыздың шамшырағы, қаламыздың, еліміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлесіңіз. Сіздер Шымкенттің гүлденуі жолында өздеріңізден кейінгі ұрпаққа бай мұра қалдырып, жанашырлықпен қызмет еттіңіздер. Өмірге деген белсенді көзқарастарыңыз, туған жерге деген риясыз сүйіспеншіліктеріңіз, қаламыздың дамуына бей-жай қарамағандарыңыз – нағыз азаматтықтың үлгісі. Осы бір ізгі істеріңіз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін және зор денсаулық, сергек көңіл, бақытты ғұмыр тілеймін»,-деді Ғабит Әбдімәжитұлы құттықтауында.


Шымкент: Мәжілісте сәулет нысандарының мәселесі талқыланды
Шымкент: Бірыңғай қабылдауда 250-ден астам азаматтың өтініші қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу