Шымкент: Көгалдандыру мен абаттандыру басты назарда болады

Oinet.kz 25-09-2024 482

 501d6e6359e8ff77c768df2ae055ee7f_original.326132.jpg

Абаттандыру мен көгалдандыру Шымкентте үнемі назарда болуы тиіс басымдыққа ие болады. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков осылай деді.

Шаһар басшысы жуырда  әріптестеріммен бірге қалалық нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Аралау барысында Абай ауданы, «Бозарық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер ұйымға және тиісті басқарма басшылығына аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, Тұран ауданындағы Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты. Биыл мектеп басшылығы ғимараттың техникалық жағдайын талдап, оны “апаттық жағдайда” деп таныған болатын. Әкім тапсырмасы бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қайтадан тәуелсіз техникалық сараптама жүргізілді. Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес ғимарат “апаттық” деп танылған жоқ.

Тексеріп, зерделеу барысында білім ордасында кәріз жүйесінде ақаулар анықталды. Осыған орай, салалық басқарма басшыларына нақты тапсырма беріп, қысқа мерзімде бірінші қабатта ағымдағы жөндеу жүргізіп, кәріз жүйесін жаңартуды тапсырды. Барлық жұмыстар аяқталған соң, қазан айынан бастап оқушылар өз мектебінде білімін қайта жалғастыратын болады.

Әкім одан әрі Әлімқұлов, Елшібек батыр және Физкультурников көшелерінің тұрғындарымен де кездесті. Азаматтар тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірді. Кездесу барысында қатысу шарттары талқыланып, тұрғындардың сұрақтарына толық жауап берілді. Қорытынды бойынша жауапты мамандарға бағдарламаның шарттары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, қала басшысы Безделев көшесінде ескі үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысында болды. Мердігер ұйымға құрылыс сапасына ерекше назар аударып, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау керектігі айтылды.

Шаһар басшысы «Жұлдыз» тұрғын алабындағы жайлы мектептің құрылыс жұмыстарын және 17-ші шағынаудандағы «Фосфорник» мәдениет үйін сүру мен саябақты кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да бақылады. Сондай-ақ, Жандосов көшесінің Сасбуқаев пен Адырбеков көшесі аралығын жөндеу және Өтегенов көшесін жалғастыру жұмыстарының барысымен танысты. Тиісті басқармаларға орындалған жұмыстың сапасын бақылауды күшейту және барлық нысанды белгіленген кесте бойынша тапсыру міндетін жүктелді.


Шымкент: 4 басқарма 8 айды қорытындылады
Шымкент: Жастар арасында кітап талқылау басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу