Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждар 30 пайызға төмендеген

Oinet.kz 12-09-2024 266

6.jpg 

Шымкентте биыл 8 227 отбасыдағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.   

Мегаполисте  атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген отбасылардың 12 092 азаматы жұмысқа жарамды екені анықталған. Оның ішінде 7 281 азамттың жұмысы бар. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде 330 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты.

Оның ішінде 211 адам тұрақты жұмысқа, 43 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 12-сі «Жастар практикасы» бағдарламасына, 17 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына және 47 адамның кәсіпкерлік жобаларына қолдау көрсетілді.

Шаһарда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты оған 32 300 адам қатысқан. Оның ішінде 26 482-і Шымкент қаласында іске асырылып отырған тұжырымдамалар, даму бағдарламасы және жеке кәсіпкерлердің бастамасымен құрылатын жаңа жұмыс орындары.

Қалада іске асырылатын жобалар бойынша жұмыспен қамту жоспары екі бағытта іске асырылады. Біріншісі – 23 342 жұмыс орны азаматтардың жеке бастамасымен құрылады. Олар – жекеменшік бала бақшалар, спорт кешендері, дәріханалар, басқада қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер.

Мұндай жұмыс орындарының есебі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі тарапынан жүргізіледі. Бұл ретте салық органдарына тіркелген жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар мен олардың есебі Мемлекеттік кірістер департаментінің арнайы ақпараттық жүйесінен алынады. Бүгінге дейін бұл бағытта 12 283 жұмыс орны құрылған.

Екінші бағыт – 2024 жылға бес тұжырымдама және Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 113 жобада 3 140 жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтардың жұмысқа орналасуы тиіс. Жыл басынан бері нақты құрылғаны 819 орын.

-Осы 3 140 жұмыс орнының басым бөлігі, яғни 69% ол білім саласындағы 12 «Жайлы мектеп» бойынша құрылатын 2 164 жұмыс орны. 12 «Жайлы мектептің» 2-і осы жылдың 16 қыркүйегі, 2 мектеп 30 қыркүйекте, 7 мектеп 31 қазанда және 1 мектеп 2025 жылдың 1 тоқсанында қолданысқа берілетіні жоспарланып отыр,- деді Жанат Өмірсейітқызы.

Осыған орай, қолданысқа берілетін 11 мектепке жұмысқа қабылданатын азаматтар «Еңбек кз» порталы, яғни мансап орталығының жолдамасымен қабылданған жағдайда белгіленген көрсеткіш толық орындалады.


Шымкентте су құбырларын жаңарту жобасы басталды
Шымкент: Госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу