Айтыскер ақындар жастармен кездесті

Oinet.kz 06-09-2024 463

19.png 

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел - жаңару жолында» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Кездесуге Оңтүстік өңірінің танымал айтыскер ақындары Біржан Байтуов, Нұрғали Анапия және Қажымұқан Абзалов, жоғары оқу орны мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру орнының студенттері, Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімшесінің сарбаздары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтар мен мәдениетке баулу, олардың патриоттық рухын арттыру, ұлтшылдыққа негіздеу болды.

Кездесу барысында ақындар қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, айтыс өнерінің жастар арасындағы рөлін кеңінен талқыға алды. Ұлттық рухани жаңғырудың жолдарын айтыс өнері арқылы насихаттап, қатысушылармен ой-пікір алмасты. Осы орайда айтыскер ақын Нұрғали Анапия қазақтың қара домбырасымен көрермен назарына арнауын жолдады.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Айтыскер ақындар өмір шындығын жырлаған, халықтцң сөзін сөйлеген.

Сондай-ақ, бұл кездесуде өнерпаз  жастар да өнерлерін ортаға салды.  . Жоғарғы оқу орнының студенттері ән шырқаса, Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімінің сарбаздары патриоттық өлеңдерді жатқа оқыды.

Ал, жиынға қатысушылар ақындардың өнерін тамашалап, жастарға үлгі болатын өнегелі ойларын тыңдады. Іс-шараның соңында қатысушылар мен айтыскерлер ашық сұхбат құрып, ұлттық өнердің қазіргі қоғамдағы орнын кеңінен талқылады.


Шымкент: Барлық бастамалар әкімнің жеке бақылауында
Ғ.Сыздықбеков: Қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосуымыз қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу