Шымкентте тағы бір Студенттер үйі пайдалануға берілді

Oinet.kz 05-09-2024 239

13.jpg 

2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңеснің отырысында алдағы 5 жылдың ішінде елімізде кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы тиістігін баса айтқан болатын.

«Жатақхана өте өзекті әрі өмірлік мәні бар мәселе», - деді Президент.

Осы тапсырманы орындау мақсатында соңғы жылдары Шымкентте бірнеше жатақхана пайдалануға берілді. Олардың бірқатары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Жаңа жатақханалардың барлығы да заманауи стильде салынған, қазіргі талаптарға жауап береді. 

Жаңа оқу жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ білім ордасында жаңа үлгідегі Студенттер үйі ашылды. 550 студентке арналған үйде әр қайсысы 2-3 студентке арналған бөлмелерден тұрады. Барлығы жайлы жиһаздармен, замануи техникалармен қамтамасыз етілген. Әр қабатта заманауи жабдықталған асхана және кір жуатын бөлмелер бар. Барлық жағдаймен қамтамасыз етілген студенттер үйінің оның тұрғындары үшін ең маңыздысы жатақхана оқу орнына жақын орналасқаны қуантты.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғани Бесбаевтың айтуынша бұл ғимарат «SUNRISE CY» ЖШС-і және М.Әуезов атындағы ОҚУ арасындағы келісімшарт негізінде салынған. Сондай-ақ, бұл студенттерге арналған үйдің ерекшелігі қонақ үй үлгісінде салынуында.

«SUNRISE CY» ЖШС-інің директоры Бексұлтан Қуанышбекұлы жобаға 1,7 млрд. теңге қаржы жұмсалғандығын атап өтті.

Студенттер үйінің ашылуына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, зиялы қауым өкілдері және студент-жастар қатысты. Игі бастамада сөз алған ардагер Жеңісбай Сұлтанов, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев жас ұрпаққа ізгі ниетін білдіріп, жатақхананың лентасын салтанатты түрде қиды.

М. Әуезов атындағы ОҚУ-ға биыл жатақханаға орналасуға студенттерден 2 565 өтінім түскен. Университетте барлығы 8 жатақхана болса, жаңа Студенттік үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген төртінші нысан.


Референдум—жалпыұлттық диалогтың көрінісі
«Шымқала кештері» қазанға дейін жалғасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу