Шымкент: Құрылыс сапалы әрі мерзімінде орындалуы тиіс

Oinet.kz 02-09-2024 263

 00. Вводный кадр_952364.jpg

Шымкенттің әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысымен танысты.

Шаһардың Абай ауданында салынып жатқан нысанға барған әкім мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Әкім одан әрі «Самал-3» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Ол шағынаудан тұрғындарымен бірге орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылу, жолды асфальттау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаяу жүргіншілер жолын бейімдеу және бағдаршам орнату сынды бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен бірге, әкім Әл-Фараби ауданында да болып, ондағы Тәуке хан даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстарымен де танысты. Өз кезегінде жауапты мамандарға барлық жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қала әкімі Жібек Жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы саябақтың қазіргі санитарлық жағдайын да тексеріп, саябаққа қарсы беттегі жаңа қоғамдық орын салуға арналған жер телімін қарады. Бұл жөнінде Ғабит Сыздықбеков «Тұрғындарға арналған тағы бір демалыс орнын осы жылдың соңына дейін абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты салалық басқарма басшыларына қажетті жұмыстарды талқылау міндетін жүктедім»-деді.

Айта кетері, соңғы уақытта Шымкентте халықтың сүйікті демалыс орны болған бірқатар саябақтар, ғимараттар мемлкет меншігіне қайтарылды. Бұған дейін тоқсаныншы жылдары жекеменшік қолға өткен «Кең баба» саябағының бір бөлігі әкімдіктің меншігіне өтті. Бұдан кейін «Қиял әлемі» саябағын да әкімдік сот арқылы өзіне қайтарып алды. Сонымен бірге Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен биыл қаладағы балалар темір жолы қайта жаңғыртылып, оның орнына веложол салынды.


Ғабит Сыздықбеков: Ұстаздық биіктерге жетелейтін қасиетті қызмет
Жолдау әрбірімізге міндет жүктеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу