Мақсат—қызмет сапасын жақсарту

Oinet.kz 25-08-2024 383

6.jpg 

Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов басқармаға бағынысты орталық басшыларымен кездесті.

Басқарма басшысы Жанат Өтебаеваның жетекшілігімен өткен жиында арнаулы әлеуметтік орталықтарында азық-түлік, дәрі-дәрмектерді сақтау жөніндегі нормативтерінің орындалуының барысы талқыланды. Н.Әбдезов бұған дейін N2 және N9 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бақылау жүргізіп, оның қорытындысы осы жиында қаралды.

Мұндай бақылау жасаудың негізгі мақсаты - әлеуметтік орталықтарда орын алған кейбір мәселелер өзге мекемелерде қайталанбауының алдын алу. Бүгінгі басқосуда орталықтардан қызмет алушы ерекше жандарға арналған бекітілген іс-шаралар мен арнайы жоспарлардың орындалуы жөнінде ұсыныстар айтылып, орын алған кемшіліктерді жою мәселесі көтерілді.

Жиын соңында Жанат Өмірсейітқызы орталықтарда дәрі-дәрмек пен азық-түліктерге арналған бекітілген стандарттың орындалуы жөнінде жұмысшы топ құрылып, мониторинг жұмыстары жүргізілетінін, мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды тұрақты бақылауға алатынын жеткізді.

Осы жерде айта кетері, бұған дейін аталған басқармаға қарасты Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен халыққа заңгерлік көмек көрсету бойынша әлеуметтік акция өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысына адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері қатысты.

Орталыққа келген тұрғындар білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау салаларындағы құқықтық мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.

Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығына келушілерге Антикормен (call-орталық 1424) кері байланыс арналары туралы түсіндірме ұйымдастырылып, пара талап еткен жағдайда не істеу керек туралы брошюралар таратылды.

 


Шымкентте екі кітаптың тұсаукесері өтті
Шымкент: Қонаев даңғылының бір бөлігі биыл ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу