Шымкентте «Таза жағалау» акциясы өтті

Oinet.kz 22-08-2024 606

19.jpg 

Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы бүкіл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып отыр. Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақтың бойында туған жерге, өзі тұрып жатқан қала мен елді мекенге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл бағдарламаны көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Осы орайда Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара өтті. Үшінші мегаполистің мақтанышына айналған өзеннің жағалауын тазалауға қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері барлығы 400-ге жуық адам қатысты.

Олар өзен бойындағы күл-қоқыстар мен өзен аңғарындағы қураған ағаш бұталар тазартылып, шөптер орылды.

«Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз.

Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, Қошқар атаның суы бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді», - деген қала тұрғыны Раеев Жүрсін тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

 Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасын тапты. Абай ауданына қарасты Шымсити шағын ауданында «Таза аула» атты тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Іс-шара барысында тұрғын үйлердің аулаларын мен жол жиектері, ойын алаңшалары тазаланып, шөптер орылды. Арықтар тазаланып, талдардың түптері әктелді. Аулалар ретке келтіріліп, күл-қоқыс пен қалдықтардан тазаланды.

Іс-шараға қатысқан Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін айтты.

Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды экологиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.


Шымкенттің әкімі тұрғындарды қабылдады
Шымкент: «Таза көше» шарасы ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу