Шымкент: Мектептердегі интернет жылдамдығы артады

Oinet.kz 16-08-2024 212

3.jpg 

Шымкентте оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілді. Аталған меморандум аясында жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, әрбір мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда. Бүгінде, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте   Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша,  ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып, жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылды. Сонымен қатар талдау нәтижесі бойынша мобильді байланыс операторларымен бірлесе интернет сапасы төмен 42 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 30 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Осыған орай, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны (техникалық құрал-жабдықтар, жиһаз, кеңсе тауарлары) жеке инвесторлар есебінен қаржыландырылуда.

Сондай-ақ, «Shymkent IT HUB» - білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі. HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған.

Алдағы уақытта «Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 жартыжылдық қорытындысымен Меморандум жасалынып, ресми ашылу жоспарлануда.

 


Талап--жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану
Шымкент: Шаһар басшысы маңызды нысандарды аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу