Қайтарымсыз грант—тиімді мүмкіндік

Oinet.kz 08-08-2024 252

16.jpg 

Елімізде ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін қайтарымсыз гранттар беріледі.

Бүгінде дәл осы өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық даму басқармасы хабарлады. 

Шымкент қаласында өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар. Басты мақсат--әлеуметтік қолдауды қажет азаматтардың өз ісін ашуына ықпал ету.

Осы ретте, Шымкентте қайтарымсыз грантпен қосымша білім беру орталығын ашып, кәсібін нәсібіне айналдырып отырған мекеменің бірі «Business Kids» орталығы. Орталық жұмысын 2022 жылы  бастаған. Бүгінде ауқымы кеңейген мекемеде ерекше балалармен жұмыс жасайтын «Асыл бала» атты орталық іске қосылыпты. Жалпы, бір мезетте 300 балаға қосымша білім бере алатын орталықта психикалық арифметика, кәсіпкерлік негіздері, бағдарламалау тілдерінің негіздерін меңгеру, дебат, STEAM бойынша тереңдетілген білім алады. Ал, ерекше балалар үшін дефектолог, логопед, психологтар, ЕДШ, АВА мамандары көмектеседі.

Жалпы 25 адамды жұмыспен қамтып отырған мекеме құрылтайшысы Гүлнара Қәрімқызының айтуынша, орталыққа келген балалар аз ғана уақытта жоғары нәтижеге жеткен көрінеді.

- Дарында балалар арасында өтетін әлемдік додаға Шымкент қаласынан «Business Kids» орталығының оқушыдары барады. Үндістан мемлекетінде өтетін сайысқа жалпы әлемнің 87  елінен қатысушылар келеді. Бұл жерге шақырту алып, қатысудың өзі үлкен жеңіс. Алдағы уақытта, ата-аналармен тығыз жұмыс жасау жоспарлануда. Басты мақсатымыз ерекше балалар мен дарынды балалардың қоғамда орны бір екенін көрсету. Ата-аналар орталыққа келетін болса, қандай құжаттар керек және не істеу керек екендігін мамандар толық түсіндіріп береді,-дейді Гүлнара Қәрімқызы.

Айта кету керек, қосымша білім беру орталығы жыл бойы жұмыс істейді.

 


Әскери бөлімде Абай онкүндігі өтті
Фосфоршылар сарайы жастардың игілігіне қызмет етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу