«Мейрімділік –асыл қасиет»

Oinet.kz 02-08-2024 244

4.jpg 

Шымкентте өткен шара барысында отыздан астам бала кәсіби психологтардан кеңестер алып, төтенше жағдайлар қызметінің өкілерінен суда жүзуді үйренді.  Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты акватерапиялық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Жалпы, жас ұрпақтың саулығы мен дұрыс психологиялық дамуы қоғам үшін өте маңызды. Аталған шара осы мақсатты көздейді. 

Іс-шара барысында, Alpen park демалыс аймағында өткен кезекті терапияға жалпы 35 бала қатысты. Жастар ресурстық орталығының психологтары балалардың көңілін көтеріп, негативті ойлардан арылуына, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпалын тигізді.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығы қаланың дағдарыс орталықтарының тәрбиеленушілері мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына психологиялық көмек беру мақсатында, әр айда арнайы іс-шаралар өткізіп тұрады. Жаз маусымында акватерапия іс-шарасы жоспарланған.

Жастар ресурстық орталығы психология бөлімінің басшысы Айгүл Қанатқызының айуынша, бұл іс-шараның маңызы өте зор. Акватерапия балалардың өсіп жетілуіне, мейірімді болуға, сыйластық пен кеңпейілділікке тәрбиелейді.

Кезекті терапия барысында балалар суға түсіп, түрлі ойындар мен мейірімділік, жақсылық жайлы, салауатты өмір салтын ұстануға, оның мағынасы бойынша талдау жасалды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар қызметкерлері жасөспірімдерді суға жүзуге үйретті. Іс-шараға кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері демеушілік етті.

Бала психологиясының дамуына оң ықпал ететін осындай шаралар Шымкентте алдағы уақытта да жалғасын табады.


Кәсіби медиаторлар құқықтық кеңестер берді
Шымкент: Биыл Қаратау сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу