«BAL TEKSTIL»-- кілем бұйымдарын өндіретін алғашқы қазақстандық зауыт

Oinet.kz 17-07-2024 384

2.jpg 

 Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Берденовтің Шымкент қаласына іс-сапары жалғасып жатыр. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады. Депутат «BAL TEKSTIL» кәсіпорнына барып, серіктестіктің басшылығы және ұжымымен кездесті.

«BAL TEKSTIL» ЖШС кілем және кілем бұйымдарын өндіретін алғашқы қазақстандық зауыт, Орталық Азиядағы ірі кілем фабрикаларының бірі. Фабрика 2013 жылы Шымкент қаласында құрылған. Кәсіпорынның орташа жалақысы 130 мың теңгені құрайды. Бүгінде қызметкерлер саны шамамен 500 адамды құрайды. Жылына 7 млн. ш.м. кілем және 4 мың тонна полипропилен жіптерін өндіреді.

Кездесуде кәсіпкерлер отандық өндірістің дамуына шетелдік компаниялардың демпинге баруы кедергі екенін жеткізді. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер ішкі өнімді қорғау және қолдау мақсатында заң аясында көмек сұрайды.

Бүгінде бүкіл бір саланы тежеп тұрғандықтан бизнесмендер Руслан Берденовке бұл мәселені мәжіліс мінберінен көтеруді сұрады. Депутат өз кезегінде кәсіпкерлердің ұсыныстарын жіті бақылауына алатынын жеткізді.

Айта кетері, Мәжіліс депутаты “Тассай”индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жұмысшылармен әңгімелескен болатын. Осындағы медициналық бұйымдар шығаратын MARAI E7 group кәсіпорнын аралады, кәсіпорын жұмысшыларының ұсыныстарын тыңдады. Өндіріс басшылары кездесуде шығарған өнімді сату бойынша бірқатар мәселелерін жеткізді.

Сондай-ақ, Руслан Арысбекұлы «Азия Трафо» ЖШС кәсіпорнының тыныс-тіршілігімен де танысты. «Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт.  2019 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінде 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.


Сыздықбеков халықтың талап-тілегіне жіті назар аударуды тапсырды
Шымкент: 15 мың қызметшінің жалақасы көбейеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу