Шымкентте электромобиль шығарылады

Oinet.kz 13-07-2024 454

 plus-elektrokariv-1-1.jpg

Алдағы уақытта Шымкентте электромобиль шығарылуы мүмкін. Бұл жобаны мегаполисте қытай инвесторлары қолға алып отыр.  

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шетелдік инвестор “Guyi Holding Company” өкілдерімен кездесті. Кездесу Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтар қорытындысы бойынша өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы бұл Компания Шымкентте электромобиль шығару бойынша ірі инвестициялық жобаны қолға алмақ. Жоба екі кезең бойынша жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, электромобиль құрастыру өндірісін іске қосу, сырлау және дәнекерлеу цехын салу және қосалқы бөлшектер шығару.

Бұдан бөлек, аталмыш компания қаланы көгалдандыру және тұщы су ресурстарын кәдеге жарату жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Ал шаһар басшысы кездесу барысында холдинг басшылығына қаламызға қызығушылық білдіргені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ мегаполистің инвестициялық әлеуеті мен инвесторларға жасалып жатқан жағдайға тоқталды.

- Әр инвестициялық жоба біз үшін өте маңызды және өз кезегінде бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын-деді, қала әкімі кездесу соңында.

Айта кетері, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновпен кездескен болатын.

Кездесуде серіктестікті нығайту перспективалары мен компанияның қаладағы әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысуы жөнінде біраз мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, мұнай өңдеу зауытын үздіксіз пайдалану және кеңейту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында басқарма төрағасы алдағы уақытта ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.


Жаңа заң кәсібилікке жол ашады
Әр бейсенбі сайын –акция
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу