Шымкент: Барлық емдеу мекемелерінде офицер-комплаенс маманы жұмыс істейді
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жол картасы бекітілген. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.
Жол картасына сәйкес, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы барлық мемлекеттік кәсіпорындарында комплаенс офицер қызметі құрылған. Қазіргі таңда, Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы 28 комплаенс офицерлері тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы толығырақ Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде баяндады.
–Комплаенс қызметін енгізудің мақсаты - медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Нақтырақ айтқанда, медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету немесе тегін көрсетілетін медициналық қызмет түріне, түрлі анықтамаларға, мүгедектікке шығару кезінде әртүрлі заңсыздықтар бойынша комплаенс офицерге шағымдануға болады. Комплаенс офицер маманы емдеу мекемелеріндегі фронт офисте тұрғындарды қабылдайды. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, бюджеттік орындалуы, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттің жоспарлау сатысы бойынша ақпарат «Ашық үкімет» базасында «Ашық бюджеттер» порталында және басқарманың вэб сайтындағы «Азаматтық бюджет» тармағына салынып, нақтылап өзгертіліп отырады. Сондай-ақ Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздері мен медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелер үшін ақылы медициналық қызметтерге бірыңғай тарифтерді жеке қолданудың құқықтық актісімен бекіту мүмкіндігін қарастыру көзделген. Бұл өз шегінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік кәсіпорындарының ақылы қызметтерінің бір бағада болуына және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігіне оң әсер етеді, – деді Н. Асылбеков.
Сондай-ақ брифингте кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада әр аурухана мен емханаларда атқарылып жатқан жұмыстармен медицина ұйымдарының басшылары бөлісті. Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізуді қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізген. Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізінде жүзеге асырылып келеді.