Шымкентке 1 миллион гүл егіледі

Oinet.kz 15-05-2024 514

 1581141639.jpeg

Шымкент қаласында ағымдағы жылы 1 миллион дана біржылдық гүл егу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде қаланың орталық көшелері, айналма жол, жол бұрылыстары және вазондарда гүл отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Хан қорғанына» 45 мың дана сальвия және антирринум біржылдық гүлі егіледі. Гүлдер композициясы казақи нақыштағы ою-өрнек пішінінде көмкеріледі.

Ал, Еңбекші ауданында орналасқан №1 автожол бойындағы айналма жолға петуния, тагетес, катарантус сияқты жалпы саны 48 мың біржылдық гүл отырғызылады. Қаланың көрнекті орындарының бірі - Кабанбай батыр даңғылы мен Анаров көшесінің қиылысы, теміржол вокзалы тұсындағы айналма жол маңында да көріктендіру жұмысы жүргізілуде. Бұл аумақ шафран, сальвия және целозия секілді біржылдық гүлдермен толығып жатыр.

Гүлдер арнайы ұңғыма арқылы суарылады. Бүгінде қарқынды жүргізіліп жатқан көріктендіру жұмысына мердігер мекемелердің арнайы агроном мамандары мен техникалары жұмылдырылған.

Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған  «Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Шымкент қаласындағы арық атыздың бойы тазартылды. Апталық басталғалы бері «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Таза өзен», «Тазалық өзімізден басталады» сынды бірқатар экологиялық акциялар ұйымдастырылды.

Аптап ыстықта көпшілік суға шомылатын Қошқарата бұлағының аумағы да ретке келтірілді. Мемлекеттік және коммуналдық мекеме жұмысшылары мен қоғам белсенділері саябақтағы ағаштардың түбін де әктеп, орындықтарды сырлады.

Аталған тазалық акциясына сәйкес Әл-Фараби ауданы аумағындағы Қошқар ата және Қарасу өзендері аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Оған ауданның тұрғындары, ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді атсалысып қатысты. Жалпы, шөптерді ору, ағаштарды қырқу, әктеу, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 13 арнайы техника, 300 ден астам адам жұмылдырылды.


Қытай инвесторлары Шымкентте мұнай-химия өнеркәсібін дамытпақ
«Сөзбен сурет салудың зергері»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу