Шымкент: Мобильді интернет сапасы жақсарады

Oinet.kz 15-05-2024 545

11.jpg 

2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов мәлім етті.

Цифрландыру басқармасының мониторингтеу нәтижесінде шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы 50 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталған. Тест драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобильді операторлармен 14 аумақта антенна-мачталық құрылғы қойылып оның 13 не базалық станция орнатылған.

2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан 28 нүктенің 17-не базалық станция орнатылып іске қосылды, қалған 11-не антенна-мачталық құрылғыларды салу және оларға монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, «Kcell» және «Кар-Тел» ЖШС тарапынан 58 аумаққа базалық станция орнату жоспарға енгізіліп, бос жер телімдері анықталуда.

Мобильді интернеттен бөлек жеке инвесторлар қарастырылып қаладан шалғай орналасқан 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізіліп 210 000 ға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты оптикалық интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынған. 2024 жылы қосымша 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген.

Білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражат цифрландыру басқармасы арқылы орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда.

Ал, қоғамдық орындарды тегін вай-пай желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 wi-fi құрылғылары орнатылған болатын. 2024 жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылатын болады.


Шымкент: 4 490 адам субсидияланған жұмыс орындарына жолданды
Қытай инвесторлары Шымкентте мұнай-химия өнеркәсібін дамытпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу