Шымкент: Асыл тұқымды ешкілердің көрмесі ұйымдастырылды
Шымкент қаласында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының және әуесқой ешкі шаруашылықтарының ұйымдастыруымен “Сексек ата” Асыл тұқымды ешкілерді дәріптеу бойынша ешкілердің көрмесі өткізілді.
Көрмеде ешкілердің сүттілігі, сүтінің майлылығы, ешкілердің экстерьері (сұлулығы) бойынша бағаланып, арнайы жүлделер табысталды.
Көрмеге еліміздің әр өңірлерінен алып келген асыл тұқымды ешкілердің 100 шақты ешкілері қатыстырылды.
Сонымен қатар, көрме барысында ешкілердің күтімі, ешкілерді асылдандыру арқылы өнімділігін арттыру туралы семинар өткізілді.
Бұл осымен Шымкент қаласында қатарынан 2- ші жыл өткізіліп жатқан көрме болғандықтан жыл сайын көрмеге қатыстырылатын ешкілер саны артып келеді.
Сонымен қатар қазіргі таңда қала аумағында ешкі саны артып өткен жылмен салыстырғанда 5352 бас ешкі тіркеліп құрап 61,9% артқан.
Айта кетері, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласына 12 индикатор бекітіліп берілген, аталған көрсеткіштерге жету мақсатында бірқатар іс-шаралар биылғы жылы атқарылатын болады. Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың га құраса биылғы жылы қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.
Бүгінгі таңда, тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8.7 млрд.теңге қарастырылды.
Сонымен қатар, қала аумағында 80 ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белігленген бағада сатылуда. Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 16 комиссия отырысы өтті.
Нәтижесінде 219 сауда субьектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілк хаттамалар толтырылды.
Қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады. Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.