Шымкент: Жас зерттеушілердің конференциясы өтті

Oinet.kz 05-05-2024 485

 18.jpg

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының және Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Жас зерттеушілердің білім саласындағы IT-технологияларды пайдаланудағы өзекті мәселелері» тақырыбындағы қалалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының білім басқармасы хабарлады.

Конференцияның мақсаты: инновациялық жобаларды қолдау негізінде «START-UP» жобаларын жүзеге асыру. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту, инновациялық идеяларды жүзеге асыру.

Қалалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына 25 жоба тіркелді. Оның ішінде 18 жоба ережеге сәйкес конференцияда қорғалып, қатысушылар жүлделі орындармен, түрлі номинациялармен марапатталды.

Жүлделі орын иегерлері:

Бас жүлде- Жоғары медицина колледжінің, 3 – курс студенті Шыңғысбаева Аружан Бекзатқызы, Тақырыбы: «Анатомия пәнінен асқорыту жүйесін оқытуда электронды кітапшаны пайдалану және оның тиімділігі»;

І орын- Жол-көлік колледжінің 4-курс студенті Полещук Артем Владимирович, Тақырыбы: «Особенность подвески «макферсон» и способы ее ремонта»;

ІІ орын- Политехникалық колледжінің 1-курс студенті Рязанов Максим Владимирович, Тақырыбы: «ІТ - Технология в помощь преподавателю русской литературы»;

ІІІ орын- Политехникалық колледжінің 3-курс студенті Ерасыл Рустем Сакенұлы, Тақырыбы: «Жасанды интелектті пайдаланып, бағдарламалау тілдеріне шолу»;

Қалған қатысушылар түрлі номинациялар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, «Shymkent IT HUB» регионалдық менеджері Тимур Нұржанұлы Козыкеев алты жеңімпазға ІТ-технология бойынша Shymkent ІТ HUB, «Astana hub-ның» оқыту курстарына тегін сертификаттарын сыйлады.


Шымкент: Әлеуметтік сала өкілдері жаңа заңды талқылады
Шымкент: Білім басқармасының алқа мәжілісі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу