Акция «Ұрпақтар сабақтастығы» шарасымен жалғасты
Шымкентте “Таза Қазақстан” экоакциясының аясында “Өнегелі ұрпақ” апталығы жалғасуда. Бұл туралы Шымкент қаласының коммуникациялар қызметі хабарлады.
Сайрам шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесі, Нұрсат шағын ауданындағы 25-29 үйлердің аулаларының азалық жұмыстарына 120 адамдай қатысты.
Сондай-ақ, ауданда тұратын егде жастағы зейнеткерлердің үйлерінің маңайын тазалауға жастар көмекке келді.
Атап айтсақ, Қайтпас шағын ауданындғы Ақберен көшесі, 65 үйдің тұратын Майра Шанкөзова мен Тассай тұрғын алабының Сымтас 236 а мекенжайында тұратын Дүйсехан Мырышовтың аулалары тазаланды. Тазалық жұмыстарына ауданның жастары келіп, қоқыстарды шығарып, ағаштардың түптерін әктеді. Қысқы отынға ағаштар жарып, дайындады. Қаулап өскен шөптерді орып, үй маңайын ретке келтіріп берді. Қарттар да жастарға алғыстарын жеткізіп, рақметтерін айтты
Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда.
Таңертеңнен басталған апталық аясында қаладағы «Абай саябағында» «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немерелерінің тазалық акциясына қатысуы жүзеге асты. Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері - О.Рахманбердиев, Ш.Мырзахметов, К.Төлебаев, Б.Тұрғараев, Қ.Сыздықов, қаланың ардақты ардагерлері атсалысты. Жалпы «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясына 500 ге жуық адам қатысып, саябақтың тазалығына ерекше үлестерін қосты.
- «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, - деді О.Рахманбердиев.
Жалпы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.