«Таза Қазақстан»: Акцияға оқушылар да атсалысуда

Oinet.kz 26-04-2024 531

15.jpg 

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан «Жасыл аймақ» апталығына мектеп оқушылары да атсалысты. Бұл туалы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады. Іс- шара барысында Шымсити шағын ауданында орналасқан N135 ші жалпы орта мектебінің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға экология, өлкетану және туризм орталығының жас экологтары мен N 135 жалпы орта мектебінің оқушылары бірлесіп 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен 200 түп гүл отырғызды. Сонымен қатар жасыл желектер бапталып, шөп орылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

—«Бір тал кессең он тал ек» демекші қаламыздың жасыл желекке орануы тек сән беріп қана қоймайды. Ол бізге таза ауамен тыныстауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болып жатқан тазалық акциясынан оқушылар да қалыс қалмасын деп бүгінгі шараға жұмылдырып отырмыз, —деді N 135 мектебінің директоры Берікбай Елтайұлы.

Оқушылар мектеп ауласына гүл отырғызып қана қоймай, оны күтіп баптап ұстауды да үйренді. Табиғатты аялауды парызымыз деп білетін олар өз істерін сүйіспеншілікпен атқарды. Бұл іс-шараға 50-ге жуық оқушы атсалысты.

«Таза Қазақстан» атты экологиялық акцияның басталғанына үш апта болды. Осы аралықта тазалық жұмыстары барлық жерлерде қарқынды өтуде.  Әр аптаға нақты атаулар беріліп, тазалық жұмыстарымен қатар көшеттер мен гүлдер егу, арықтар тазаланып, ағаш түптері әктеліп, ескерткіштер жуылып, ретке келтірілді. Сенбілік жұмыстарына коммуналдық қызметкерлер мен қатар қала тұрғындары, еріктілер, оқушы-жастар, әлеуметтік нысандар да белсенді қатысып жатыр. Тазалық жұмыстары жүру керек тағы бір жер, ол қаладағы мазарттар аумағы.

Осыған орай, қала аумағындағы зираттар аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, Қазір қалада 100-ден аса қорым болса, оның барлығы 5 аудан әкімдігіне бөлініп берілген.

Мұсылман адам дүниеде қандай қадірлі болса, оның қабірін аяқасты етуге ешкімнің қақысы жоқ.

Ал мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру - жәй ғана міндет емес, ізгі амал.

Сондықтан қала маңындағы мазараттардың маңайы қоқыстардан тазарту, шөптерін орып, айналасын ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі.


«Өнегелі ұрпақ»: Әрі өнеге, әрі игі іс
Шымкент: Әкімнің шешімін мәслихат қолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу