Шымкентте «Жасыл аймақ» апталығы жалғасуда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы Шымкентте белсенді өтіп жатыр.
Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, мегаполистің Абай ауданының аймағында «Жасыл аймақ» апталығы жалғасуда.
Ауданның негізгі көшелердің бойындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару, қырқу, шөп ору, көшет отырғызу, аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.
Әл-Фараби көшесі бойында 100 түп көшет отырғызылды.
Ал сонымен бірге Шымсити, Асар, Тұрлан шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында және Темірлан тас жолы, Әл-Фараби көшелерінде, Барыс базары, әуежай мен Ақмешіт аумақтарында тазалық жұмыстары іске асырылды. Тазалық жұмыстарына 11 техника жұмылдырылып, 15 тонна қоқыс шығарылды.
Жалпы іс-шараға 200-ден астам аудан тұрғындары, 20 кәсіпкерлік нысан, 15 әлеуметтік нысан қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «Энергоорталық-3» кәсіпорны аумағында санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарымен жүргізілді. Оны «Жасыл аймақ» апталығы аясында Еңбекші ауданы мен Шымкент қаласының экология департаменті ұйымдастырды.
Апталыққа «Интеко» ЖШС-нен 5 техника, 60 қызметкер қамтылды. Сонымен бірге «Шымкент цирк» ұжымынан 10-ға жуық мамандар да тазалық жұмыстарына атсалысты.
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық ауциясы басталғалы үш апта болды. Әр апталық белгілі бір тақырып аясында өткізіліп келеді.
Осы апталық «Жасыл аймақ» деп аталады. Онда көшеттер егіліп, ағаш түптері қопсытылып, әктелу қажет.
Дегенмен, тазалық күн тәртібінен түскен емес. Көшеттер мен гүлдер отырығызылып, тазалық жұмыстары да қатар жүруде.
Осыған орай Шымкент қаласының экология департаментінің ұйымдастыруымен және Еңбекші ауданы әкімдігімен бірлесе отырып аудандағы жер телімдерінде тазалық жүргізілетін жерлер анықталып, нәтижесінде барлық аумақ түгел тазартылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы әкімдігі және Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Шымкент қалалық орыс драма театры
және әнші Хадиша Шалабаева Қаратау ауданындағы көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстардан тазартты.
Аталған ұжым қызметкерлері көше бойындағы талдарды әктеп, көше бойын тазалап, қоқыстарды шығарды.
Мемлекет басшысының бастамасы - ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады.
Адам – табиғаттың төл перзенті. Игі бастама аясында қазақстандықтарды ынтымақ пен өзара көмекке үйрететін, жақсы қасиеттерді насихаттайтын қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өтеді.