«Таза Қазақстан»: Акция аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 18-04-2024 928

2020_04_10_c3ba98a95840557a92b1e0772fff46fe.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ. Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

Осыған орай елімізде  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Осы акция аясында Шымкент қаласы көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аялдамалар тазаланып, жол белгілері жаңартылып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Гүлдала, Исрайлов, Сыздықов көшелерінде шұңқырлар жамалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Темірлан тас жолы бойындағы су ағарлар тазартылып, темір қоршаулар қалпына келтіріледі. Бәйдібек би - Төлеметов көшелерінің қиылысына қосымша жолақ қосылып, Бәйдібек би Зообақ тұсындағы аяқжолдар ретке келтірілуде.

Сонымен қатар Сәтпаев, Жастар, Жеңіс көшелері асфальттеліп, Орынбай ақын, Қалдаяқов көшелері бойына жасанды жол кедергілері орнатылды. Ал жөндеуді қажет ететін жол белгілері мен бағдаршамдарға күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында қаланың аудандарында тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соның бірі, Абай ауданындағы тазалық жұмыстары апта басталғалы қарқынды жүруде.

Нақтырақ айтар болсақ, қазақтың үш биі - Төле би, Қазыбек би Әйтеке би ескерткіштері орналасқан гүлзары аумағында жиып-теру, тазалау жұмыстары атқарылып жатыр. Ескерткіш маңындағы қураған ағаштарды қырқып, жасыл желектер ретке келтірілуде. Сондай-ақ, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы Абай ауданы аумағында жүргізіліп жатқан тазалық іс-шарасына 250 жұмысшы мен 17 техника жұмылдырылған, 40 м3 қоқыс шығарылып, 3000 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.

Аудан аймағында акция аясында тазалық жұмыстары жалғаса беретін болады.

 


Шымкент: Бос жұмыс орындары денсаулық, білім салаларында көп
«Таза Қазақстан»: «Киелі мекен» апталығы жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу