Жер қозғалыссыз қалса не болады?!
Қозғалыссыз өмір жоқ. Бұл сөздердің шын екеніне әр молекула мен шексіз ғарышымыз дәлел. Біз өмір сүретін жер шары өз орбитасымен күнді айналып қозғалады. Оның күнді толық айналып шығуы 1жыл немесе 365 күн. Енді ойланып көріңіз... Егер жер қозғалысын тоқтатса не болады ?
Сіз айтарсыз, уақыт тоқтап қалды, бірқалыпты өмір сүре береміз деп. Бірақ, қателескен болар едіңіз. Жер ғаламшарының өз осьінен айналу жылдамдығы сағатына 1670 шақырым. Яғни, мұндай жылдамдық болса сіз ұшып кетесіз. Жердегі барлық заттар ұшып кетеді.
Бұл ойыншық емес. Десе де, полюстерге жақын орналасқан адамдар тірі қалуы мүмкін. Себебі олар, жердің айналу нүктесінен алыс орналасқан. Алайда сұмдық инерция күшінен пайда болған толқындар, оларды жер бетінен жойып жібереді. Осындай жағдайда жер бетіндегі тіршілік атауларының қандай күй кешетіні айтпаса да белгілі. Әрине, осылай жердің бірден тоқтап қалуы, ақылға сыймайтын құбылыс. Бірақ, жердің өз жылдамдығын шамалы азайтуы айқын дүние. Жердің тоқтап қалуы адамзатқа үлкен мәселе болары сөзсіз...
Рахманқұл Ерасыл