Түркістанда тоңазытқыш жасалады

Oinet.kz 26-10-2024 38

image.png

Түркістанда жылына 100 мың тоңазытқыш пен мұздатқыштар шығаратын Украиналық «UBC Group» кәсіпорынының екінші кезеңі Түркістан қаласында жүзеге аспақ. 

Украиналық «UBC Group» компаниясының өкілдері өткен жылдың қараша айында Түркістан облысына келіп, осында мұздатқыштар шығаратын кәсіпорынға инвестиция салуды ұсынған еді. Келіссөздер нәтижесінде жарты жылдың көлемінде кәсіпорын жұмысын бастап кетті.

Сусындарды сақтайтын тоңазытқыштар мен салқындатылған тауар сөрелері, шкафтар шығаратын «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС - Саудан ауданыдағы өндірістік паркте орналасқан. 1 кезеңнің өзінде 2,5 миллиард теңге инвестиция жасалып, жылына 40 мың тоңазытқыш пен мұздатқыштар шығарып, 350 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Екінші кезең бойынша Түркістан қаласындағы  «TURAN» арнайы экономикалық аймағында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

  Инвесторлардың айтуынша, жобаның 2 кезеңіне 7,5 миллиард теңге инвестиция жасалып, жылына 100 мың тоңазытқыш пен мұздатқыштар шығарып, 1000-нан аса адам жұмыспен қамтылады. Түркістанда шығарылған тауардың 60 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлауда. 

Айта кетейік, «UBC Group» – Шығыс Еуропадағы ең танымал әрі өндірістік қуаты мықты компаниялардың бірі. 5500 адам жұмыс істейді. Біздің зауыттарда өндірілген салқындатқыш техникалары, сусындарды сақтайтын тоңазытқыштар мен салқындатылған тауар сөрелері, шкафтары Еуропа мен Азия елдерінде сұранысқа ие. «UBC Group» сауда-өнеркәсіп холдингі – тоңазытқыш техникасы саласында жұмыс істейтін әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлемнің 120 еліне өнім жеткізеді.


Ала шапанды ағайындармен баланыс мықты
Индустриалды аймақта жиһаз құрастырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу