Түркістанда технологиялық парк құру бойынша келіссөз жүргізілді

Oinet.kz 20-10-2024 232

image.png

Талайды тамсандырып өзіне қарата білген Түркістан қаласы тек туризм саласы ғана емес өнеркәсіп бағыты бойынша да даму үстінде. Бүгінде қалада жергілікті кәсіпкерлермен қатар шетелдік бизнес өкілдері дежұмыс істеуде. Шаһарда шетелдік инвесторлардың көмегімен көптеген өндіріс орынлары ашылуда. Әсіресе шығытсағы көршіміз аспан асты елімен байланыс тығыз. Айталық қаладағы «Түркістан» индустриалды аймағында шұлық және ерлер костюмін тігетін тігін цехы өз жұмысын бастаған болатын. Сондай-ақ алдағы уақытта облыс орталығында «Қазақстан-Қытай» индустриалды аймағы құрылып, көптеген өндіріс ошақтары пайда болмақ.

Осы орайда  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының IT компания өкілдерімен халықаралық технологиялық паркті құру жөнінде маңызды келіссөздер жүргізді. 

Бұл келіссөздер нәтижесінде құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін стратегиялық маңызды жобалардың біріне айналмақ. Жоба шеңберінде электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника және электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделіп отыр. Осы арқылы ІТ саласында Түркістанның өз бренді қалыптаспақ. 

Сонымен қатар технологиялық парктің құрамында осы өнімдерге қызмет көрсету орталықтары мен кадрларды оқыту және дамыту орталықтары да жұмыс істемек. Бұл инновациялық орталық аймақтағы жоғары технологиялар саласын дамытуға ықпал етіп, жергілікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Технологиялық парк тек өндірістік қуаттылықты арттырумен шектелмей, аймақты жаңа технологиялық инновациялардың орталығына айналдыруға, шетелдік инвестицияларды тартуға және өңірдегі экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға септігін тигізеді. Жоба жүзеге асқан жағдайда, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты экономикалық мүмкіндік туындайды.

Түркістанның көршілермен байланысы мықты
Заманауи зауыт салу жобасы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу