Қаңтар оқиғасында Тоқаев күндіз-түні жұмыс істеп, содырларға соққы берді - Қошанов

Oinet.kz 24-10-2022 2137

ҚР Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қаңтар оқиғасынан қызметкерлерімен бірге қалай аман қалғанын және оның серіктері Тоқаевқа қандай “ұсыныс” жасағанын айтып берді.

Screenshot_4.jpg

“Бұл шабуыл жасағандардың, содырлардың және осы мемлекеттік төңкеріс жасағандардың ең негізгі нысаны – Ақорда болғаны белгілі. Қалған облыстарда, Алматыда болған оқиғалар халықты үрейлендіру, сол арқылы президентті орнынан кетіру болды. Сол уақытта, біздің жұмыс режимімізді сұрасаңыз, күндіз-түні президенттің жанында жұмыс істедік. Президент ондаған күн Ақордада өз жұмыс орнында болды. Мүлдем ешқайда шықпадық деп айтуға болады, себебі үш сағат сайын бізде штаб өтіп отырды, оны президенттің өзі өткізді. Сол штаб түнгі сағат бірде [сағат], үште, кейде алтыда болады. 

Өте қиын уақыт болды, бұл оқиғаны айтып жеткізу өте қиын, оны алдымен көзге елестету қажет. Адам шығыны болып жатты, полиция қызметкерлері құрбан болып жатты, бейбіт тұрғындардың оққа ұшқанын кейін білдік. Ол кезде президентке де оңай болған жоқ, өйткені халық президенттен қандай шешім болады деп күтіп отырды. Сол кезде президент өз үндеуін жасап, содан бастап жағдай күрт өзгерді. Содырлар тиісті тойтарысын алып, мемлекетті қайтадан тұрақтылыққа алып келдік”, - деді Қошанов.

Путин Тоқаевтың бастамасын қолдады. 2023 - орыс тілі жылы болып жарияланды
Қошанов Тоқаевтың батылдығын өз көзімен көріп тәнті болғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу