«Мойнынан тартып, сүюге тырысқан». Алматыда ер адам автбус ішінде қызға шабуыл жасаған

Oinet.kz 30-03-2026

Алматыда қоғамдық көлікте қызға шабуыл жасаған ер адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам автобустағы қызды кенеттен мойнынан тартып, сүюге тырысқан. Алайда өзге жолаушылар оқиғаға дереу араласып, күдіктіні автобустан шығарған.

Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамның тұлғасы анықталды: ол ұсталып, полицияға жеткізілді.

Полицияның хабарлауынша, азамат психоневрологиялық есепте тұрған. Сол себепті оны арнайы медициналық мекемеге жіберген. 

«Құқық қорғау органдары барлық қажетті шараларды жүзеге асыруда, оқиғаның толық мән-жайы анықталып, заңды шешім қабылданады», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік блогерден қызметі үшін 50 мың теңге алған
Әйелін шәкіртіне сыйға тартқан имам мен журналист жазаға тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу