Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

Oinet.kz 14-07-2026

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне қатысты атышулы іс бойынша cот үкімі шықты.

Screenshot_7.jpg

Судья Зарема Хамидуллина Сұлтан Сәрсемәлиевті бүтін бір отбасын өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

"Жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша және ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деді судья Зарема Хамидуллина. 

Айта кетейік, тергеу нұсқасы бойынша ол құрбандарына 60-қа жуық пышақ жарақатын салған.

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:

66 жастағы Мақсот Қарабалин;

64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;

35 жастағы қыздары Мейрамгүл Қарабалина;

32 жастағы ұлдары Наурыз Мұқанғалиев.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу