Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысына қатаң ескерту жасады

Oinet.kz 14-07-2026

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматыдағы жылу электр орталықтарын уақытылы іске қосуға Энергетика министрі мен "Самұрық-Қазына" басшылығы жауапты екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол "Самұрық-Энерго" басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа егер жыл соңына дейін ЖЭО-лар газға көшірілмесе, жеке жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Screenshot_3.jpgОлжас Бектенов Мемлекет басшысының елімізді одан әрі индустрияландыру және цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін жаңа электр энергиясын өндіретін нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Энергетика министрлігі мен "Самұрық-Қазына" қорына электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

"Көмір химиясының қолда бар әлеуетін ескере отырып, көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды арттыру жұмысын жандандыруды және әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Экономиканың дамуы елімізді одан әрі индустрияландыру мен цифрландыру, сондай-ақ инфрақұрылымға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін энергетикалық қуаттарды арттыруды талап етеді", — деп атап өтті премьер-министр.

Энергетика министрлігі мен "Самұрық-Қазына" қорына электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

"Самұрық-Энерго” компаниясының басшысы, Қайрат Мақсұтов. Өткен аптада энергетика министрі Алматыға барып, екінші және үшінші ТЭЦ-ті тексеріп келді. Үшінші ТЭЦ бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке қатаң жауапкершілігіңіз қаралатын болады. Күнделікті бақылауға алыңыз", — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Сонымен қатар мұнай мен газ өндірудің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Энергетика министрлігіне барлық жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіп, нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Ұлттық қордан бюджет қажеттілігі үшін тағы 1,1 триллион теңге алынбақ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу