Жеті қыз, тоғыз ұл: Әйел 16-баласын дүниеге әкелді

Oinet.kz 09-07-2026

Мәскеуде әйел 16-сәбиін дүниеге әкелді. Енді оның отбасында тоғыз ұл мен жеті қыз тәрбиеленіп жатыр. Ақпаратты 8 шілдеде Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті жария етті.

Screenshot_2.jpg

Ведомство мәліметінше, әйел өміріндегі ең маңызды сәттердің бірін тағы да №29 қалалық клиникалық аурухана перзентханасының дәрігерлеріне сеніп тапсырған. Босану сәтті өтіп, дүниеге ұл бала келген. Нәрестенің салмағы – 4200 грамм, бойы – 56 сантиметр.

“Қазір ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы. Олар жақындарының құттықтауын қабылдап жатыр”, – деп хабарлады Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті.

Дәрігерлердің айтуынша, босану білікті мамандардың жіті әрі мұқият бақылауымен өткен. Сәби дені сау болып дүниеге келген.

Айта кетейік, әйел 22 жасында тұрмыс құрып, тұңғышын 23 жасында босанған. Ол бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін “Ана даңқы” орденімен марапатталған. Оның өзі де көпбалалы отбасында өскен: анасы тоғыз туған баласы мен жеті асырап алған баланы тәрбиелеген.


ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды
Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу