Дархан Қыдырәлі: Қызылордада өткен құрылтай - ел тарихында үлкен бетбұрыс жасайтын алаң болды

Oinet.kz 23-01-2026 67

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қызылордада өткен құрылтайдың маңызы зор екендігін, оның ел тарихында алар орны ерекше болатынындығын мәлімдеді. Бұл туралы ол Хабар арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

- Қызылордада өткен құрылтай - ел тарихында үлкен бетбұрыс жасайтын алаң болды. Бір қызығы осыдан тура 100 жыл бұрын Қызылордада өткен құрылтай да V болған екен. Сол құрылтайда қазақ атауы қайтарылып, ел астанасы - Қызылорда болып бекіген. Оған Алтын орда, Алаш орданың атауын еске түсіретін атау қойылған болатын. Осы жолғы жиында біздің тарихымызда алтын әріппен қалатын, тағдырлы шешім қабылданған үлкен бетбұрысты жиын деуге болады. 

Бұл құрылтай мемлекет басшысы ұсынға әділетті Қазақстан ұғымының Конституциялық көрініс табуы, - дейді Дархан Қыдырәлі. Сұхбат барысында ол құрылтайдың маңызына тоқталып, алдағы уақытта қандай өзгерістер болатындығын түсіндіріп өтті. 

Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын 4 ірі зауыт салынады
Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу