«Телефоным қайда?»: Жамбылда баласының жоғалып кеткенін байқамаған ана сынға қалды

Oinet.kz 08-05-2025 189

Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлері көшеде адасып жүрген үш жасар баланы тауып үйіне апарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Алайда баласының жоғалып кеткенін байқамаған анасы оны көргенде бірінші “телефоным қайда” деген сұрақ қойған. Әйелдің әрекеті желіде сынға қалды. 

Полиция көшеде патрульдеу кезінде үш жасар баланың кезіп жүргенін байқаған. Кейін оны көршілері де байқап, ата-анасының үйін көрсеткен. Алайда ата-анасы баланың жоғалып кеткенін байқамаған болып шықты.

Анасы баласын полиция қызметкерлерімен бірге көргенде, бірінші кезекте одан: "Менің телефоным қайда?” деп сұрақ қойған. Бұл реакция желі қолданушыларын ашуын тудырды. Көпшілік әйелдің баласының хәлін сұраудың орнына телефонын іздегенін сынады.

«6 миллион теңге»: Алматылық дәрігерлердің Нью-Йоркке сапары үшін бюджеттен қыруар қаражат бөлінген
Шансы в европейской рулетке: какие ставки логичны, а какие — просто красивые легенды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу