«Нүкенова өз тағдырына өзі кінәлі»: Бишімбаевтың қарындасы ағасын жақтап, желіде мәлімдеме жасады
Әйелін өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың қарындасы Аружан Бишімбаева ағасын қорғап, марқұм Салтанат Нүкенованы қаралайтын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Бишімбаев ісінде Салтанат Нүкенованы азаптау дерегі дәлелденбеген. Ол марқұмның өзін кінәлап, агрессивті ер адаммен бірге болуды өзі таңдады деп жазды.
“Нүкенованың денесінде ауыр жарақаттар болмаған. Ішкі ағзалары, сүйектері мен бас сүйегі зақымданбаған. Ал көгерген жерлері – "түнгі жанжалдың" табиғи салдары. Алақанның сырт жағында жарақат болмаған, қатыгездікпен жасалған зорлық-зомбылықтың дәлелі жоқ”, – деді ол.
Бишімбаевтың қарындасы ағасын маньякпен немесе сериялық қылмыскермен салыстыратындарға ашуын білдіріп, оларды "ақылсыз фанаттар" және "дұрыс ақпарат оқымайтындар" деп атады.
Сондай-ақ ол Нүкенова өз тағдырына өзі кінәлі деп есептейтінін айтты. Оның ойынша, Салтанатты ешкім ұстап отырмаған. Ол бірнеше рет кетіп қалуға мүмкіндігі бола тұра,кетпеген.
Ол Бишімбаевқа берілген жаза "тым қатаң" деп санайды. Нүкенованың отбасына ақша керек болған айтты.
Аружан Бишімбаеваның бұған дейін де Салтанат Нүкеноваға қатысты өшпенді пікірлері жарияланды. Ол Салтанаттың фотосына “Сені және сенің ашкөз отбасыңды жек көремін” деп жазба қалдырыпты.
Еске салсақ, Қуандық Бишімбаевтыалиментке қатысты тағы бір сот күтіп тұр.