6 жасар бала мен оны құтқармақ болған әкесі суға батып кеткен

Oinet.kz 14-07-2022 1093

Солтүстік Қазақстанда ер адам суға батып бара жатқан өгей ұлын құтқарамын деп, өзі де суға кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

"10 шілдеде Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылынан 3 шақырым жерде жергілікті тұрғындар Есіл өзеніне батып кеткен 1998 жылы туған ер адамның жансыз денесін судан шығарды. Ер адам 6 жасар өгей ұлын құтқармақ болған. Олар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Құтқарушылар баланың денесін келесі күні тапты", – делінген  облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сол күні Есіл өзенінде Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынын іздестіру жұмыстары жүргізілді.

"Ол 9 шілде күні кешке достарымен бірге өзен жағасында болған, кейін белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Өлімнің себебі анықталуда", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Азамат Сатыбалды Роза Әлқожаның қызын не үшін оқуға алмағанын түсіндірді
Тоқаев үш министрге сөгіс жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу