Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңгеден аса қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Біздің бағдарламада төрт негізгі артықшылық бар. Әр азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беру керек. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі қажет. Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж жандарды қолдауға көп көңіл бөлеміз, - деді Тоқаев Nur Otan съезінде.
Президент әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар күшейтілетінін айтты.
- Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллионнан аса теңге бөлінетін болады. Ынтымақты зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстеледі. Сонымен қатар, біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.