«Серик-голова» қамауға алынды

Oinet.kz 03-02-2020 4637


1.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – «Серик-голова») жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

С. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынды.

ҚР ҰҚК-ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

 


Бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбейту жоспарда
Қазақстанда зейнетақы төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу