Назарбаев: «Путиннің уәдесін алу оңай іс емес»
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РИА Новости басылымына берген сұхбатында Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесулері қалай өткені туралы айтып берді деп жазады Sputnik Қазақстан.
Елбасының сөзінше, екеуінің арасында сенімді қарым-қатынас орнаған.
Олардың әр кездесуі бекітілген регламент шегінен асып, хаттама бойынша бөлінген уақыт та жиі созылып кетеді екен.
"Біз мәселелерді жиі талқылаймыз, пікір алмасамыз, кейде дауласамыз, өз ұстанымдарымыздың дұрыстығын дәлелдеуге тырысамыз. Бұл Еуразияның екі ірі мемлекеті басшыларының жұмыс барысы. Пікірталастан ақиқат туатыны белгілі", - деп атап өтті Назарбаев.
Бұған қоса, Елбасы 2000 жылы Ресей президенті атанған Владимир Путиннің сол кезде-ақ саяси тәжірибесі мол болғанын алға тартты.
"Сондай-ақ, ол ашық болды. Путин достары мен әріптестерінің пікірін тыңдауға дайын еді", - деп толықтырды Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей басшысының уәдесін алу оңай емес екенін де жеткізді.
"Путин үшін өз уәдеңді орындау – ар мен намыстың ісі. Дегенмен, оның уәдесін алу оңай емес екенін атап өткім келеді. Владимир Владимирович - нағыз достықтың құнын білетін адам", - деді Елбасы.