«Қалауым Live» 35 жастағы қатысушының тұсауын кесті
Атышулы «Қалаулым Live» реалити шоуы ақылға қонымсыз іс-әрекетімен көпшіліктің ашуын туғызды, деп жазады Oinet.kz. Бұл жолы тікелей эфирде 35 жасар қатысушының тұсауы кесілді.
Алмас есімді қатысушының тұсауын көрермендер ішінен жасы үлкен Мереке есімді аға кесті.
«Ал, жолың ашық болсын. Тәй-тәй басасын. Басқан қадамың құтты болсын. Келін түсіріп, адал келін кездессін», - деп таңдауға ақша, қамшы, орамалды ұсынды.
35 жасар Алмас болашақ келіншегіме беремін деп орамалды таңдады.
Естеріңізде болса, «Қалаулым сен» жобасындағы қос қатысушының отау құрғаны жайлы жазған болатынбыз.