Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Халық әртісі Мақпал Жүнісова жақындарының басын қосып, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің аруағына арнап құран бағыштады. Биыл саясаткердің көз жұмғанына 14 жыл, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мақпал Жүнісова жайған дастарханға ет-жақындары жиылып, марқұм Заманбек Нұрқаділовті еске алды. Қонақтар түрлі қызықты оқиғасын бөлісіп, әлі күнге дейін сағынышын баса алмай жүргенін жеткізді. (Видео мына сілтемеде)
Фото Мақпал Жүнісованың Инстаграмдағы парақшасынан алынды
Жиналған қауымның арасында Мөлдір Әуелбекова, Алтынай Жорабаева, Құрманай Бахтиярқызы, Жігер Ауыпбаев сынды танымалдар болды.
Естеріңізге сала кетсек, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада бақилық болды. Бүгінде көзі тірі болса, 75 жасқа толар еді.