Бағдат Мәнізоровқа тағылған алаяқтық жасады деген айып алып тасталды
Желіде 28 қазанда Бас прокуратураның Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны туралы құжаттың скан-көшірмесі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ сайты.
"Істің тоқталғаны туралы арыз үкіметтің электрон кабинетіне бағытталған. Себебі қылмыстық заңбұзушылық жағдайлар мен құрамы анықталмаған. Ресми жауап келді. Негізінде бұл түпнұсқа құжат", - деді адвокат Алмас Демесінов.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болды. Шенеунікке қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол жазда осы қызметке тағайындалған еді.