Жетімдерге жеңілдік қарастырылуда

Oinet.kz 17-10-2019 976

Картинки по запросу ирина аронова депутат

Балалар үйінің тәрбиеленушілері жетімдер үйінде 29 жасқа дейін тұруы тиіс. Мұндай ұсынысты мәжіліс депутаты білдірді. Ирина Аронова депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа жолдады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

18 жастан кейін жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар материалдық тапшылықтан түрлі қылмыс жасайды. Депутаттың айтуынша, олардың баспаналы болу мәселесі де өз шешімін таппаған. Бүгінде үй кезегінде тұрған 61 мыңнан астам жеткіншек бар болса, оның тек 3 жарым мыңы ғана пәтерге қол жеткізген.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды үй кезегіне тіркеу жұмыстары жүйелі жүргізілмейді. Мәселенің шешімі ретінде - тәрбиеленушілердің 29 жасқа дейін жетімдер үйінде тұруы немесе оларға арнайы мемлекеттен жатақхана берілуі тиіс. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі облыс, аудандарда осы санатқа жататын азаматтарды ерекше қамқорлыққа алуы қажет.

Қазақстан әлем бойынша бала өлімінен екінші орында тұр
Конор келесі жекпе-жекті кіммен өткізетінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу