Ербол Садыр неге қайта-қайта «оптимизация» дей береді?

Screenshot_10.jpg

Облыстық мәслихаттың сейсенбі күні өткен сессиясында депутаттардың алдында баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ербол Садыр «оптимизация» деген сөзді жаңылмасақ, оншақты рет қайталады. Оптимизация, қазақша айтқанда оңтайландыру Тәуелсіздіктің алғашқы тар жол тайғақ кешуінде, Қажыгелдин Үкіметінің тұсында жүргізілген саясат еді. Ауылдағы мыңдаған кітапханаларды қысқартуға ұшыратып, клубтардың есігіне қара құлып салған оңтайландыру кімге опа берді дейсіз?! Мәдениет ошақтары сол бір солақай саясаттың құрсауында қалып, еңсесін әлі күнге тіктей алмай келеді емес пе?! 

Қиын-қыстау кезде оңтайландыру да мәжбүрлік болған шығар. Ал күні кеше Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын ғаламат жетістіктерен атап өтіп, бюджеттің бүйірі, ішкі жалпы өнім пәленбай есеге артты деп, бөркімізді аспанға атып қуанып жүргенде бұл неғылған оңтайландыру? 

«Жаппай ұжымдастырудың», «Жаппай жекешелендірудің», бас ал десе шаш алатын басшылардың зардабын  аяусыз тартқан ел едік. Енді тарихтан сабақ алмаған шенеуніктердің «жаппай оңтайландырып», халыққа аса қажетті әлеуметтік нысандардың құрылысына қаралған қаржының, жобалардың құйрық-жалын бас-көз демей күзеп тастамасына кім кепіл?  

Ербол Садырдың жағы талмай «оптимизация, оптимизация» деп сарнай беруі осыны аңғартады ма?    

Лесбек Тәшімов, облыстық мәслихаттың депутаты:

 Оңтайландыру тендер өткізілгенге дейін жасалуы керек. 

- Оптимизацияны, яғни оңтайландыруды дұрыс жүргізу жағына ерекше мән беруіміз керек. Оңтайландыру жасаймыз деп, бюджеттен бөлінген қаражатты қисынсыз қысқартатын, кері қайтарып алатын жайттар кездеседі. Айталық оңтайландырамыз деп, мектеп құрылысына бөлінген 400 миллион теңгесін  шамамен 60 миллион теңгесін азайтып береді. Жобасы бекітіліп, іргетасы қаланып қойған мектеп құрылысына тиесілі қаражаттың бір жол-жөнекей күзеуге ұшырағаннан  кейін, әрине, сапаға кері әсер етеді. «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясында мұндай келеңсіз тірліктерді талқылаған  болатынбыз. Мердігер компания «оптимизация деп бізден пәленбай ақшаны алып қойды» дейді. Негізі оңтайландыру тендер өткізілгенге дейін жасалуы тиіс. 

Мұрағаттан: 05.04.2012


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: