Бүгін, 26 наурыз күні, үкімет отырысында Асқар Мамин ҚР премьер-министрі кеңсесінің жаңа басшысы - Ғалымжан Қойшыбаевты таныстырды деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.
«Үкімет қаулысымен Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің басшы болып тағайындалды», — деп хабарлады премьер-министр.
Мамин Қойшыбаевтың Президент әкімшілігінде және сыртқы істер министрлігі жүйесінде — елші, министрдің орынбасары болып көп жылдар бойы еңбек атқарғанын атап өтіп, жаңа қызметте сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы лауазымын атқарған Дахан Қалетаев президенттің жарлығымен ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.