Қырғызстан өз елінің, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жеміс экспорттау көлемін талдады, деп хабарлайды Tazabek.kg порталы.
Талдауда көрсеткендей, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді экспорттауды әртараптандыру, яғни ауыл шаруашылығы саласы - қазіргі уақытта Орталық Азия елдері үшін өте маңызды және негізгі саланың бірі болып табылады. Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ауыл шаруашылығына тәуелді, ал Қазақстандағы ауыл шаруашылығы негізінен астық және ет өнімдеріне бағытталған.
«Қазақстан мен Қырғызстандағы жаңа піскен жемістердің халықаралық саудасы өте теңгерімсіз. Себебі, өрік, ас үй жүзімә, шие және көкөніс импорты экспорттан айтарлықтай асып түседі. Ал, Тәжікстанда жаңа піскен жемістердің сыртқы саудада оңды сальдосы бар», - делінген хабарламада.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Өзбекстан жеміс-жидек жөнінен импорт жөнінен Орталық Азияда абсолюттік көшбасшысы екендігі белгілі болды. Ал, экспорттағы сату көлемі көрші елдердің - Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның сауда көрсеткіштерінен 34 есе асып отыр.