Қырғызстан халқы Астана қаласының атауының өзгеруіне байланысты өздерінің астанасы - Бішкектің атын Манас деп өзгертуді ұсынды, деп жазады «Вечерний Бишкек».
Қырғызстан Президенті аппаратының бұрынғы басшысы Эмильбек Каптагаев Facebook парақшасында Қырғызстан астанасына жаңа ат беруді ұсынды.
«...Мүмкін Бішкекті бірден Манас деп атасақ қалай болады? Бұл барлық тұрғыдан әділ болар еді ... Әйтпесе, "Бішкек батыр болған" деген деректер даулы болып тұр. Өйткені, ол туралы нақты тарихи деректер жоқ. Тек аңыз ғана бар, - деп жазады Каптагаев. Оның ойынша, Бішкек атауы - бұрынғы патшалық Ресей тұсындағы отаршылдықты білдіреді. Себебі, Бішкек атауы - патшалық Ресей салған бекіністерді еске түсіреді екен