Оңтүстікте ана өлімінің құпиясы көп болып тұр

Screenshot_11.png

Жұмағали Исмаилов басқаратын салаға  жұрттың алаңдаушылығы арта түсті 

 Соңғы айларда  Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаилов бұқаралық ақпарат құралдарындағы басты кейіпкер, басты тақырып болып тұр.  Ең өкініштісі сол Ж. Исмаилов баспасөз жағымен басы қатып жүргенде ана өлімі саябырсымай бірінен кейін бірі қайғылы оқиғалар қайталануда. Жақында  сыннан көз ашпай жүрген  Шымкент қалалық  жедел жәрдем ауруханасында тағы бір ана өлімі тіркелді. Бұл туралы әңгіме бөлек. 

Ал Шымкент қаласындағы облыстық №2 периниталдық орталықта Сайрам ауданы  Ақсукент аулының 21 жасар тұрғыны Людмила Ильтинбаева бақилыққа аттанды. Ол қайтыс боларының алдында арнайы аппаратпен тыныс алу арқылы тіршілік кешіп, тұп-тура 42 күн қиналыпты. Оған үнемі ұйықтататын дәрі қайта-қайта егіліпті.  Неліктен? Осы орайда «әлемдік стандарт бойынша  жүкті әйел  босанған мерзімінен бастап 42 күнді толтырып барып аурудан ажал тырнағына іліксе мұны ана өлімі ретінде тіркеу-тіркемеу мәселесі қарастырылатыны» еріксіз ойымызға оралды. Марқұмға  «пневмониядан көз жұмды» деген қорытынды жасалуы да туыстарының ойын сан саққа жүгіртіп, көкейлеріндегі күдікті ұлғайта түскен.  

Людмила Ильтинбаева аудандық емханаға тұрақты  барып, гинекологтың кеңесіне, көмегіне сүйеніп жүріпті.  Жүкті келіншектің денсаулығы жақсы екені, тек бүйрегін аздап емдеу қажеттігі айтылғаны жасырын емес. Бірақ, ана мен баланың өміріне қауіп төндіретіндей ешнәрсе жоқтығы ашық талқыланған екен.  Дәрігердің нұсқауын бұлжытпай орындайтын ол жүктілігі кезінде екі рет сақтану  бөлімінде ем-дом алыпты.

Анасы Ольга Ильтинбаеваның айтуынша  28 желтоқсан   күні ғана дәрігерлер  қызын ультрадыбыстық зерттеу арқылы тексеріп, өзінің де, құрсағындағы  сәбидің де денсаулығы дұрыстығын көлденең тартып көңілдерін көтеріп тастаған. Алайда келесі күні түнге қарай  Людмиланың кенеттен  қан қысымы 160-қа дейін көтеріліп, құса бастайды. Оны бастапқыда Ақсукенттің орталық ауруханасына апарып, артынан Шымкенттегі №2 облыстық перинаталдық орталыққа жіберіледі. 

- -Келінім алдымен  құрсағындағы 7 айлық шаранасынан айырылды. Дәрігерлер бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан әбден дайындап алмастан «балаң ішіңде өліп қалған» деп бірдестен түйеден түскендей етіп айта салғандары түсініксіз. Мейлі шаранасы ішінде өлсе де қаралы хабарды босандырып алған соң-ақ, болмаса жанашырлары жабылып жүріп жан-жақтан жұбату айтқаннан кейін естіртсе болмас па еді?  Өзі жас, әрі бірінші жүктілігі ғой, бұл сұмдық сөзді келінім өте ауыр қабылдады. Кім білсін жүйкесі қатты сыр берген келінімінің  комаға түсуіне бұл да әсер етті ме? Дәрігерлер дәл 31 желтоқсандағы мерекелік көңіл-күйлерін бұзғылары келмей тек толғақтың дәрісін егумен шектеліп, келініме кесерова істеп жүруге құлықсықсыздық танытты ма деген де күдігім бар,--дейді енесі Татьяна Тушева.

      Толғақтың дәрісін бірнеше рет ексе де оңайлықпен босанбай жоғарғы қан қысыммен әбден қиналып туған Людмилаға неге кесарево жасалмады? Жүкті әйелдің қан қысымы  жоғары болуы кесаревоға кедергі келтірмейтіні былай тұрсын, қайта керісінше осы операцияны жасауға мәжбүрлейтін бірден-бір себеп болатынын  білікті акушер-гинекологтар жақсы біледі. 

Марқұмның күйеуі Максим Тушев та дәрігерлерді айыптайтын бірқатар деректерді тілге тиек етті. Ал Людмиланың 70 жастан асқан апасы немересінің қайғылы қазасынан соң денсаулығы күрт нашарлап, қазір ауыр халде. Бүгінде марқұмның жақындары дәрігерлердің қателік жасағанын, жауапкершілігін сезбегенін дәлелдеуге нық бекініп отыр. Бұл тек перинаталдық орталықтағы қызметкерлерге емес, Сайрам аудандық емханасына да қатысты майшаммен қарайтын мәселе. Осылайша оңтүстікте ана өлімі тоқтамай қайғылы оқиғалар бірінен кейін бірі қайталанып жатыр. Жұмағали Исмаилов басқаратын салаға жұрттың алаңдаушылығы арта түсті.

Шадияр Молдабек,

«Алаш айнасы, «Заң» газеттерінің тілшісі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: