Түркістанда жұрттан "жылу" жиналса да жылу жоқ

Screenshot_8.jpg     

Жұпаркүл Мәмбетова он баланың анасы. Жылуды тағатсыздана күткен түркістандық көп тұрғынның бірі. Бірақ, жылудың ауылы алыста сияқты. Жергілікті билік көпқабатты үйге жылу беру үшін тұрғындардан жылу жинап жатыр. Зейнетақысы күнкөрісінен артпайтын батыр анаға сол қаржыны табу қиынға соғып тұр. « Күнін көре алмай отырған адамбыз. Ақша, ақша, ақша!!! Ақшаны туамыз ба, қайдан табамыз?Бізге беретін ақпарат өтірік. Газетке дайынбыз деп  жазады»  дейді ол.  Оның  жанайқайын Бақытгүл Даданова да жалғастырып «жылу құбырының тіреушесін кіргізуге 21500 теңге сұрады. Бұған қоса үйдегі әр батареяны жалғау үшін 18 мың теңге тағы керек» деп күйініп сөйледі. 

     Түркістан қаласында небәрі 70-ке жуық көпқабатты үй болса, жылу жүйесіне қосылу үшін жергілікті билік өкілдері әр пәтерден мәжбүрлеп ақша жинап жатыр. Қала басшылығы жиналып жатқан қаржының  негізді әрі заңды екенін айтады. Қала әкімі Бейбіт Сыздықовтың уәжіне жүгінсек

үйге кіргенге дейінгі,яғни элеватор дейінгі тірлік ғана бюджеттің қаржысына істеледі. Элеватордан ары қарай « стояк»,жертөле, пәтердің ішіне қатысты жұмыстарға үй егелерінің қаржысы жұмсалады.Кемпір-шалдың зейнетақысына қарап отырған тұрғындардың дені жұмыссыз. Бағы жанғаны базарда сауда жасайды. Сондықтан  ондай қаржыны тауып беру барлық тұрғынның қолынан келе бермейді. Пәтерлердегі жылу жүйесін жөндеу бітпеген. Соған қарамай, киелі Түркістанның атқамінерлері жылу маусымына толық дайынбыз деуі таңдандырады. Түркістандағы тозығы жеткен жылу жүйесін жаңалауға, қазандық құрылысына 1 миллиард 111 миллион теңге бөлінген. 2007 жылы басталған қазандық құрылысы әлі аяқталған жоқ.  Қаралған қаржы жыл ортасында таусылған. Сондықтан шет елден әкелінуі тиіс көп жабдықтар әлі орнатылмаған.  Қазандықты салып жатқан құрылысшылардың қаржыны қалай жұмсап жатқанын ешкім бақыламаған көрінеді. Құрылыстың қаңтарылып қалуына облыс басшылары да қапалы. Мердігер компанияны «қара тізімге» енгізіпті. Қазандықтың құрылысын қыркүйекте аяқтауға уәде берген құрылысшылар енді қосымша қаржыға қарап отыр. Ол қаржының қашан бөлінетіні әзірге белгісіз. Біздің білетініміз құжаттар әзірленіп жоғары жаққа жіберілген. Қалаға жылу қашан берілетінін де ешкім дөп басып айта алмады. Бір қызығы, құрылыс компаниясының атауы Түркістан қаласының әкімімен аттас екен. 

Бекжігіт Мәуленов, «КТК» телеарнасының  меншікті тілшісі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
  • Тұрдалы Сәуірбеков: «Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»
  • Мәдениет және спорт министрі Түркістандағы тарихи орындарды аралады
  • Екпе – ағзаңыздың қорғаны!
  • Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: