Мемлекеттік органдарда үстеме жұмыс төрт есе қысқарды

Screenshot_2.jpg

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы қысқарды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәдина Наурызбек мәлімдеді.

«Президент Жолдауында мемлекеттік органдарда артық жұмыс жасаудың барлығын ерекше атап өткеніне тағы да назар аударғым келеді. Мұндай артық жұмыс жасау фактілері мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен олардың денсаулығына теріс әсер етеді. Мемлекеттік орган қызметінде мемлекеттік қызметшінің құқықтары және оның денсаулығы маңызды», - деді ол. 

Спикер осы бағыттағы 2019 жылдың қаңтар айында мемлекеттік органдарда үстеме жұмыс фактілері бойынша кіруді бақылау және басқару жүйесі (СКУД) деректеріне талдау жүргізілгенін айтты. 

«Өткен жылдың желтоқсанымен, сондай-ақ өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда оң серпін байқалады. Егер 2018 жылдың қыркүйегінде – 12739 сағат, желтоқсанда – 4790 сағат болса, қаңтарда бұл сан 1194 сағатты құрайды», - деді Наурызбек.

Оның айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, әділет, білім және ғылым, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және спорт министрліктерде үстеме жұмыс фактілері мүлдем жойылған. Қалған мемлекеттік органдар мен аймақтарда үстеме жұмыс фактілері санының айтарлықтай төмендеуі байқалады.

«Алайда жекелеген министрліктерде әлі де үстеме жұмыс фактілері бар. Мысалы, Сыртқы істер министрлігінде – 369 сағат, Денсаулық сақтау министрлігінде – 151 сағат үстеме жұмыс анықталды. Қаржы министрлігінде үстеме жұмыстардың айтарлықтай азаюына қарамастан, 1424 Call-орталыққа аталған мекемедегі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің мемлекеттік қызметшілері жұмыс уақыты кестесінің бұзылуы туралы шағымданды. Өтініш берушілердің сөздеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жұмыс орындарында сағат 18.30-дан кейін басшылықтың талап етуі бойынша кешігетіндігін, оның ішінде жұмыс уақытының кестесін бұза отырып, кеш жұмыс мәжілістерін өткізетіндігін айтқан», - деді спикер.

Агенттік мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізіп, аталған фактілер расталған. Министрліктер басшылығына тиісті қажетті шараларды қабылдау туралы ұсыныстар берілген.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ержан Максим ресейліктерді талантымен тәнті етті
  • Назарбаевтың жиені Меккеде мұсылмандық парызын өтеп жүр (видео)
  • Әбдіжаппар Әлқожа қазақтың баласы екенін айтып, кешірім сұрады (видео)
  • Атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі?
  • Қазақстанда бірнеше министрліктің сайты жұмысын тоқтатады
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: