Осы себепті сәбилер науқас болып туылып жатыр

Oinet.kz 02-11-2023 2321

Қазір желіні ашсаң науқас баласына көмек сұрағандар көп. Қарап отырып жүрегің ауырады. Шамаң келсе бәріне көмектескің келеді. Бірақ қол қысқа... Біздің салған 500- 1000 тенгеміз не болады?  "Осы соңғы кезде неге көбейіп кетті?"  деген сұрақ көптен бері мені мазалайды. Әлде бұрын желі болмаған соң білмедік па? Бұрындары да бар еді, бірақ дәл қазіргідей көп емес еді- ау... 

article_47299.jpg

Айтайын дегенім, осы сұраққа жауап іздеп көрейікші. Мен біраз ақпарат іздеп, науқас сәбилердің аналарымен сұхбаттасып, біраз нәрсе білдім.  Соны сіздермен бөліскім келеді. Мүмкін болашақ аналарға пайдасы тиіп қалар. Мүгедек бала туылмас үшін алдын алатын шығар деген ой ғой менде. 

"Ана мен бала" деген группаға кірдім. Ол жерде тек "Болезнь Гиршпрунга" диагнозымен (көтен тесігі жоқ) туылған балалардың аналары отырады екен.  Қарап отырсам 200- ден астам аналар отыр. Бір-біріне көмектесіп, жаңадан қосылғандарға жөн сілтеп, кеңестерін айтып, дәрілері болса тегін беріп...  "Кемедегінің жаны бір" демекші, бәрі бір-бірін түсініп отырады екен. Кейбіреулер "Балам осындай болып жатыр, не істеймін"деп жылап аудио жібереді. Сол кезде аналар бір кісідей қолдап, қандай ем-дом жасайтынын үйретіп, мотивация беріп жанталасып жатады. Ауызбіршіліктеріне ырза боласың мына аналардың. Осы аналардан алдын ала кешірім сұрап осы сұрақты қойдым мен. 

- Сіздердің жауаптарыңыз болашақ аналарға көмегі тиюуі мүмкін. Өтініш, осының себеп-салдырын айта кетсеңіздер! -- деп өтіндім. Көбісінің айтқаны инфекциядан. Яғни, күтінбегеннен. Дәрігерге дер кезінде бармай, дәрігердің айтқанын істемей, салғырт қарағаннан да екен. Мысалы бір ана айтады,

- Осы қызымның алдында аяғым ауыр болып, түсік тастағанмын. Содан кейін дәрігер ең жоқ дегенде 6- ай күтінуім керектігін айтса да екі айдан кейін тағы көтеріп қойдым,- дейді. - Түсік тастағанда жатырдың ішінде инф қалып қойған екен. Арнайы дәрілер ішіп, жатыр  тазаланған соң ғана бала көтеру керек екенін білгенде бәрі кеш еді, - деп отыр. Тағы бір ананың айтқаны:

- Бала көтергенімді білмей қалдым. Басым ауырса да, ішім ауырса да дәрі іше бердім. Үш айдан асқан соң ішім жыбырлағанда барып бір - ақ білдім. Етеккірім әр түрлі келетін болған соң мән бермеппін, -- дейді. Әрине, аяғың ауыр кезде дәрі ішуге болмайды ғой. Сол дәрінің кесірінен осындай науқас бала туылған сияқты. Айта берсең көп енді. Көбінде аналар өздерін кінәлап отыр. Ал кейбіреуі 

- Менде бәрі дұрыс еді. Дер кезінде қаралдым, дәрігердің айтқанын орындап отырдым, түрлі түрлі дәрумендер іштім, бірақ балам осылай туылды, - дейді. Бұл да бір Алланың сынағы шығар. Бірақ бәрін Аллаға сілтеп қоя салған да болмайды. Алдан ала жоспарлап, анализ тапсырып, емделетін жері болса емделіп барып көтерген дұрыс.  Мен әр шығармамда бала туралы айтып кетемін. Өмірге бала әкелу -- ол үлкен жауапкершілік! Осыны ұмытпаса екен ата-аналар. 

Сұрағыма көп жауап алдым. Әр түрлі жағдай. Біреуі аяғы ауыр кезде көп жылап, отбасындағы бітпейтін жанжалдан көрсе, енді біреуі жерік кезде жегісі келген нәрсеге ақшасы болмай қысылған. Тағы біреуі суық квартирада тұрып тоғыз айдың жартысын тұмаумен өткізген . Көп енді.

Негізі тек ананы ғана кінәлауға болмайды. Бұл жерде әкенің де кінәсі бар. Мысалға бір ана жекеме шығып жазды. 

- Күйеуім басқа біреумен жүріп маған да ауруын жұқтырды, - дейді. - Ол кезде аяғым ауыр болатын. Дәрігер жан бітіп қалған  баланы алдырып тастауымыз керектігін айтты. Бірақ мен тыңдамадым.  "Құдай сақтасын, дәрігерлер оттай береді" деді енем. Әттең, сол кезде алдырғанымда ғой... Балам күнде  бұлай  қиналып жыламас еді, -- деп жылап аудио жіберді. Өте өкінішті. Бұл диагнозбен ауырған балаға ота жасап бүйірінен үлкен дәреті шығатын екі тесік жасайды.  Ол жерге кигізіп қоятын бірдеңесі бар тағы. Ол бала қатты жыласа сол тесіктен ішегі шығып кетеді екен. Кейде іші жүрмей қалса қарны қампайып ісіп кететін көрінеді. Осының бәріне шыдап келе жатқан баланы айтыңыз. Бір ғана ота жасалса мейлі ғой, әр алты ай сайын 4-5 рет, этап этаппен  жасалады екен.  Тырнағымызға кішкене тікен кірсе жанымыз қалмайды. Ал мынау... Өте қиын енді. Бұл бір ғана диагноз. Басқа қаншама диагнозбен туылған сәбилер бар. Әрқайсында бөлек бөлек группалары бар сияқты. Біреуінің мұрнының тесігі жоқ, біреуінің құлағы жоқ , біреуінің саусақтары жоқ, көп енді.  Жүрегің ауырады. Бір ана айтады,

- Ауылды жерде тұрған соң қаралуға уақыт жоқ. Қайта қайта баруға үйдегілер жібермейтін. Кейін ішімдегі бала алты айдан асқан соң қалаға УЗИ- не барсам осындай диагноз екенін айтты. Бірақ мен де сенбедім. Сол кезде қаладағы дәрігерлер ұрсса да жүктілікті тоқтатуға рұқсатымды бермедім, - деп өкініп отыр. 

Бұның бәрін не үшін жазып отырмын? Айналайын аналар, баланы тек бала санын көбейту үшін, арзымайтын жәрдемақы үшін, немесе байқамай көтере салатын бала ойыншық емес екенін түсінсеңіздер екен. Дер кезінде дәрігерге қаралып, берілген дәрумендерді ішіп, лажы болса тұмау болмауға тырысып, өмірге сау бала әкелуге тырыссаңыздар екен. Ер азаматтар да нәпсіні тыйып, көшедегі "қоқысты" үйге тасымай, таза жүрсе.... Келіншегінің аяғы ауыр кезде жегісі келгенін әперіп, ұрмай соқпай, аяғы ауыр анаға құрметпен қараса бұндай науқас сәбилер аз болар еді. 

Қай бір жылы бір жерде жұмыс істедім. (Ол туралы кейін жазармын)  Сол жерде бір әріптесім бар еді. Жетінші баласына аяғы ауыр. Байы ішімдікке құмар, жұмыс істемейді. Үйлері де жоқ Алдыңғы балалары да дені сау емес. Қашан көрсең ауруханаға шапқылап жүреді. 

- Енді неге тағы туайын деп жатсың? Тоқтатпайсың ба? Алты бала да аз емес, өздерің бір айлыққа қарап отырсыңдар! - десем не дейді деңіз.

- Күйеуім ту деп жатыр, - дейді ғой күйдіріп. 

- Ол байыңа бәрібір, баланың ертеңгі тағдырын ойлайтын әке болса жұмыс істеп жағдайларында жасар еді ғой, - дедім ашуым келіп. 

- Жеті бала тусаң рахат қой, үй кезегі тез жылжиды, автобуста тегін жүресің, аняу-мыняу,-  деп қуып кетті.  Міне, осындай да терең ойланбайтын аналар бар екен бұл өмірде. 

Надира Тулеева

Аш ішектің қатерлі ісігі ауруынан айықтырған шөп...
Семіздік ғаламдық мәселеге айналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу