Қайғыдан хайп жасау: Кеше Назарбаевты қолдаған «Ақ жолдың» депутаттары елді неге дүрліктіріп жатыр?

Oinet.kz 02-05-2024 252

«Ел басына күн туғанда халық қайғысынан хайп жасау кімдерге керек болғаны белгілі болып тұр. Арыс апаты, Жамбыл жарылысы, Қостанай мен Семейдегі оншақты адамды құрбан еткен алапат өрт, қазіргі қызылсудан басталып, топансуға ұласқан тасқынның бәрі талай жылдан бері жарылуын күтіп жатқан миналар екені анық.

Screenshot_7.jpg

Біз отыз жылғы биліктің тонауын ел тағдырымен төлеп келе жатырмыз әлі күнге дейін... «Ескі Қазақстан» есті болса, қазір халықтың 30 жылда тоналған триллиондаған байлығын халыққа қайтару үшін арнайы заң қабылданып, бүтін бір комитет құрылар ма еді…  «Ескі Қазақстан» архивінің сықырлаған есігін ашсаң, үстіңе қаптаған саудыраған скелеттер құлап түсетіні анық… Саяси тапсырыспен болған қастандықтардың бәрін айтпай-ақ, биыл 80 жылдығында ел еске алған заманның ері Заманбекті шындықты айтқаны үшін ғана өзін-өзі өлгенше үш рет “аттырып”, осыған біздің халық сенуі тиіс дегеннен артық ер өлімімен елді қорлау бола ма?!. Сол кезде 2005 жылы «Қазақ үні» газетінде біз бұл ауыр қылмысқа қарсы «Атқызған кім?!- Атқан кім?» деп мақала жазған едік... Бүгінгі Президенттің бұрынғы Президентке айтқан: «Кеттің бе – ¶айрылма?!» деген қағидалы сөзін қалың елдің: «Кеттің бе – ¶араңды батыр» – деп, жаппай жалғастырып алып кетуі көкірегі ояу, көзі ашық елдің ескі билікке деген қатты қарсылығын көрсетеді.

Тасқа таспен жауап беру керек. Бұл елдік үшін, егемендік үшін керек! Біз билік үшін емес, елдің өзгеруі, ұлттың жарқын болашағы жолында топтаса білуіміз қажет. Елді 30 жыл басқарған ескі билікке енді жол жоқ, мәңгі жабық! Бұл аксиома! Қаңтар қасіретінен кейін екі жылдың ішінде «Ескі Қазақстанды» аңсау акциясы не үшін болып отыр! Бұндай келеңсіздіктер енді қайталанбау үшін Қаңтар қасіретіне басты кінәлілерді түгел қатаң жазалап, «Ескі Қазақстан» отыз жыл тонаған халық байлығын халыққа түгел қайтару керек!»

«Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракция депутаттарының Бас прокурор мен Премьерге жолдаған депутаттық сауалында осылай делінген. Естеріңізде болса, 16 сәуірде «Назарбаев қоры» ел ішіндегі осындай пікірлерге қатысты өздерінің ұстанымдарын білдіріп, «биліктің беделін түсіретін әрекет жасап жатыр» деген айыптауларды жоққа шығарған болатын. Бұл тақырыпты осыдан кейін де қоздату «Ақ жолдық» депутаттарға не үшін қажет болды?

Жалпы бүгінгі биліктің идеология саласында жіберген өрескел қателігінің бірі – елді «ескі», «жаңа» деп бөлу болды. Өздерін «Жаңа Қазақстанның» өкіліміз деп жүргендердің дені бұрынғы биліктің сойылын соққандар, заман ағымына қарай тонын теріс айналдырғандар десек, қателеспейтін сияқтымыз.

«Ақ жол» кезінде Назарбаевты, оның биілігін, саясатын «Нұр Отан» сияқты кең ауқымда қолдаған партия. Бір ғана мысал келтірейік,  2015 жылы өткен Президент сайлауында партия  төрағасы Азат Перуашев: «Прагматиктер мен реалистер партиясы ретінде біз кейбір партиялардың өз кандидаттарын елбасы фигурасымен қатар қоюы Назарбаевтың қазіргі Қазақстандағы рөлі мен тұлғасын жөнсіз төмендетеді деп санаймыз» деген екен. Әр сайлауда Назарбаевтың кандидатурасын қолдап, ел, жер аралаған да «ақжолдық» депутаттар емес пе еді?!

Кімнің прагматик, кімнің реалист екендігіне уақыт бағасын береді.

Қариннің беделі қатты түсіп бара жатыр
Антикор Г. Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу